COVID-19: Шымкентте жедел жәрдем шақырушылар саны артты

0
589

Бүгінде үшінші мегаполисте 100 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде.


COVID-19: Шымкентте жедел жәрдем шақырушылар саны артты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Covid-19 індетімен күрес жұмыстары барысын пысықтау мақсатында жедел жәрдем станциясының жұмысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Станцияның жұмысымен таныстырған бас дәрігер Гүлнәр Құрманбекова қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақыртушылар саны артып отырғанын мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, 103 қызметіне орташа есеппен күніне 1900- 2000 қоңырау келіп түсуде. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ЖРВИ инфекциясымен ауырғандар.
Қала әкімі ең алдымен медицина қызметкерлерін қорғаныс киімдермен қамтуды және сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, жұмысты күшейтілген режимде ұйымдастыруды тапсырды.

Бүгінде үшінші мегаполисте 100 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде. 103 станциясы толығымен цифрлы жүйеге қосылған. Жедел жәрдем қоңырауларының барлығы біріктірілген автоматты жүйе арқылы қабылдануда. Одан бөлек, шақыртуға баратын көліктерде GPS-навигаторы орнатылған.