COVID-19: Шымкентте жүкті әйелдерді емдеуге арналған инфекциялық стационар ашылды

0
600

100 орындық жаңадан ашылған стационарда ковид жұқтырған жүкті әйелдер мен жаңадан босанған аналар ем қабылдайды.


COVID-19: Шымкентте жүкті әйелдерді емдеуге арналған инфекциялық стационар ашылды

Шымкент қалалық №2 аурухананың базасында коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерді емдеу үшін арнайы инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

100 орындық жаңадан ашылған стационарда ковид жұқтырған жүкті әйелдер мен жаңадан босанған аналар ем қабылдайды. Орташа және ауыр халдегі науқастарды емдеу үшін орталық қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтылған.
Аталмыш аурухананың бас дәрігері А.Рахматалиев қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатқан 22 науқастың 13 жаңадан босанған әйелдер болса, қалғаны жүкті әйелдер екенін айтты. Сонымен қатар №2 ауруханада коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу бекеті жұмыс жасайды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін қала бойынша вакцинаның 1-ші компонентін 593 553 адам, 2-ші компонентін 579 278 адам қабылдаған. 2021 жылғы 15 қарашадан бастап 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге «Pfizer-BioNTech» вакцинасын егу басталды. Бүгінге дейін бұл вакцинаның 1-компоненті 22 229 адамға егілді.
«Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай күрделі. Соңғы тәуліктің өзінде 343 азаматтан ковид вирусы анықталды. Қазір жансақтау бөлімінде 26 науқас жатыр. Олардың тең жартысы ИВЛ аппаратта. Өкінішке қарай, олардың көбісі вакцина салдырмаған. Созылмалы аууры бар науқастарға айтарымыз вакцина салдырыңыздар. Өйткені қосымша ауруы бар науқастарда коронавирус ауыр өтеді», - дейді Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов.