​ДЕКЛАРАЦИЯҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?

0
202


​ДЕКЛАРАЦИЯҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүйесі толығымен енгізілуіне байланысты азаматтар декларация тапсыруға дайындықты бастау керек.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Жалпыға бірдей декларациялау: Кімдер және қашан тапсырады?» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Ешанқұлов Сапарбек Еркінбекұлы айтты.

Декларацияны дұрыс және толық тапсыру үшін жеке тұлғалар бірнеше маңызды қадамды орындауы тиіс. Біріншіден, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ретке келтіріп, егер қажет болса, жаңартуға болады.

Қарыз шарттарын нотариус арқылы куәландыру да маңызды, себебі ол мүліктік міндеттемелерді заңды тұрғыдан бекітеді. Сонымен қатар, банктік шоттардағы ақшалай қаражатты – әсіресе 37 миллион теңгеден астам қаражатты есепке алу қажет. Егер сіздің қолыңызда қымбат бағалы мүлік болса, тәуелсіз бағалаушыдан оның нарықтық құнын бағалатып, тиісті құжаттарды жинаған дұрыс.
Қазақстанда активтер мен міндеттемелерді дербес тексеру үшін арнайы сайттарды пайдалануға болады. Бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келісімдері бойынша https://homeportal.kz және https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz сайттары арқылы ақпарат алуға болады. Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік туралы мәлімет алу үшін https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu сайты қолданылады. Сонымен қатар, несиелік келісімдер бойынша ақпарат алу үшін Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.
Декларация тапсыру міндеті бар тұлғалардың қатарына мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, банктер мен бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке практикамен айналысатын адамдар, шетелде мүлкі бар тұлғалар және шетелдік банктерде 1 000 АЕК-тен астам қаражаты бар тұлғалар кіреді. Сондай-ақ, жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлік сатып алған тұлғалар да декларация тапсыруға міндетті.
Бөлісу