Бұл жүйе құрылыстың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Шымкентте құрылыс сапасына бақылауды күшейту мақсатында техникалық қадағалаушылардың есептері E-Qurylys платформасы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жүйе құрылыстың ашықтығын арттыруға, бақылауды күшейтуге, құрылыс барысына мониторинг жүргізуге, деректер мұрағатын жинауға және барлық атқарушы құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алайда қаладағы қызмет атқаратын техникалық қадағалаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамауының салдарынан, құрылыстың сапасын, жай күйін бақылауда қиындықтар туындауда.
Осы олқылықтарды жою мақсатында бүгін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы қаладағы техникалық қадағалаушылардың қатысуымен онлайн форматта жиын өткізді.
Техникалық қадағалау мамандары құрылыс ұйымдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы барлық белгіленген құрылыс талаптарын, оның ішінде орындалған жұмыстардың сапасы, мерзімі, құны, орындалған жұмыстарды қабылдау және пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді.
Жиында eQurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі түсіндірілді. Бұл үдеріс бақылауға алынып, әр айда есепті кезеңнен соң техникалық қадағалаушылармен жиналыстар өтікізілетін болып келісілді.