ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: шымкенттік өнерпаздар еуропа турнесін монс қаласында түйіндеді

0
77

Бұл мәдени бастама Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі мен Монс университеті арасындағы тығыз академиялық, ғылыми және мәдени байланыстардың жемісі ретінде жүзеге асты.


ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: шымкенттік өнерпаздар еуропа турнесін монс қаласында түйіндеді

Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында Қазақстанның ұлттық өнері мен мәдениетін халықаралық аренада дәріптеу бағытындағы маңызды шаралар жалғасуда.

«Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары Еуропа елдеріне жасаған ауқымды турнесін Бельгияның Монс қаласында өткен концертпен түйіндеді.

«Қаған» этнофольклорлық ансамблі, «Яссы» би ансамблі және солистер – Астана Қарғабай мен Айнұр Назарбекова әлемдік классикалық репертуар мен қазақтың бай ұлттық музыкалық мұрасын үйлестірген ерекше туындыларды көрермен назарына ұсынды.
Бұл мәдени бастама Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі мен Монс университеті арасындағы тығыз академиялық, ғылыми және мәдени байланыстардың жемісі ретінде жүзеге асты. Рухани диалог пен өзара түсіністікті нығайтқан өнер кеші еуропалық көрерменнің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырды.
Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл концерт екі ел арасындағы достық көпірін нығайтып қана қоймай, Еуропа жұртшылығына қазақ музыкасының қайталанбас бояуын сезінуге тамаша мүмкіндік берді.
Бөлісу