Елге танымал шымкенттік дәрігер өмірден өтті

0
4 513

40 жыл ғұмырын медицинаға арнап, Гиппократ антына берік жан, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-хирург Мәди Биғалиев ақтық сапарға аттанды.


Елге танымал шымкенттік дәрігер өмірден өтті

ERNUR.KZ. Білікті дәрігер, елімізге аты әйгілі хирург-трансплантолог Мәди Биғалиев өмірден озды.

40 жыл ғұмырын медицинаға арнап, Гиппократ антына берік жан, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-хирург өз ісінің білігірі еді.

Ұзақ жылдары №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері (бұрынғы Шымкент қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы) болып абыроймен қызмет атқарған, ол 2010 жылы Қазақстан бойынша алғашқы рет бір мезетте шымкенттік кардиохирургтермен бірлесіп, науқастың жүрегіне, бауырына және өтіне операция жасауға үлес қосады. Мұндай ота елімізде бұрын-соңды жасалмаған.

Аурухананы басқарған жылдары медициналық мекемеде жыл сайын жүйелі түрде емдік іс-шаралардың инновациялық, жоғары технологиялы әдістері іске қосылады. Мәселен, 2013 жылы ангиография аппараты іске қосылғалы бері облыста алғаш рет инсульт кезінде бас миы және мойын қан тамырларына жоғары технологиялы операциялар, бас миына нейронавигатордың көмегімен ота жасалды. 2015 жылдан бері жамбас және тізе буындарына Stryker фирмасының заманауи протездері салынып, омыртқаға транспедикулярлық бекіту отасы жасалып келеді. Көрсетілетін көмек көлемінің ұлғаюына байланысты 2017 жылы аурухана аймағында 3 қабатты қабылдау-диагностика, реанимация-ота жасау корпусы салынды. 2013 жыл басынан бері мұнда 125 бүйрек және 17 бауыр алмастыру операциясы жасалды.

Сонымен қатар, медициналық туризмді дамыту мақсатында 2018 жылы облыста тұңғыш рет Германия мемлекетінің азаматына аурухананың трансплантолог дәрігерлері донорлық бүйрек алмастыру операциясын жасады. Қазіргі уақытта аурухана базасында 16 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру оталары сәтті өткізілді.2010 жылы аурухана оташылары шымкенттік кардиохирургтермен бірлесіп, бір мезгілде бір науқастың жүрегіне, бауырына және өтіне операция жасады. Мұндай ота елімізде бұрын-соңды жасалмаған. Күнделікті көмекке жүгінген 200-250 науқастың ішінде 70-90 адам ауруханаға жатады.

Ауруханада жыл сайын жүйелі түрде емдік іс-шаралардың инновациялық, жоғары технологиялы әдістері іске қосылады. Мәселен, 2013 жылы ангиография аппараты іске қосылғалы бері облыста алғаш рет инсульт кезінде бас миы және мойын қан тамырларына жоғары технологиялы операциялар, бас миына нейронавигатордың көмегімен ота жасалды. 2015 жылдан бері жамбас және тізе буындарына Stryker фирмасының заманауи протездері салынып, омыртқаға транспедикулярлық бекіту отасы жасалып келеді. Көрсетілетін көмек көлемінің ұлғаюына байланысты 2017 жылы аурухана аймағында 3 қабатты қабылдау-диагностика, реанимация-ота жасау корпусы салынды. 2013 жыл басынан бері мұнда 125 бүйрек және 17 бауыр алмастыру операциясы жасалды. Сонымен қатар, медициналық туризмді дамыту мақсатында 2018 жылы облыста тұңғыш рет Германия мемлекетінің азаматына аурухананың трансплантолог дәрігерлері донорлық бүйрек алмастыру операциясын жасады.

Қазіргі уақытта аурухана базасында 16 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру оталары сәтті өткізілді. (Дереккөз: aigak.kz)

Мәди Ходжаұлының мезгілсіз қазасына орай отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.