Іс-шара аясында қаламыздың дамуына үлес қосқан, өз саласының үлгілі еңбек озаттары «Еңбек жолы - 2025» және «Парыз – 2025» конкурсы жеңімпаздары марапатталады.
2025 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 10:00-де Шымкент қаласында «Еңбек күні» мерекесі аясында «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Өтетін орын: «Арбат» демалыс аймағы
Іс-шара барысында Шымкент қаласынан 100-ден астам жұмыс берушінің қатысуы жоспарлануда. Қаламыздағы алып компаниялардан – Бал текстил, Петро-Казахстан, "Asia Trafo" ("Азия Трафо"), "NURTAU distribution company", "KARLSKRONA» секілді алып компаниялар мен мемлекеттік мекемелер бос орындарды ұсынады.
Іс-шара аясында қаламыздың дамуына үлес қосқан, өз саласының үлгілі еңбек озаттары «Еңбек жолы - 2025» және «Парыз – 2025» конкурсы жеңімпаздары марапатталады.
Биылғы жәрмеңкеге Шымкенттегі мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардың жұмыс берушілерінен бөлек, еліміздің солтүстік өңірлерінен келген делегаттар қатысып, бос жұмыс орындары мен ерікті қоныс аудару мәселелері бойынша кеңес береді.
Қала тұрғындарын жәрмеңкеге қатысып, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарымен және жұмыс күші тапшы өңірлерден келген делегаттардың ұсыныстарымен танысуға шақырады.