Еңбекші ауданындағы су құбыры желісі жаңғыртылуда: тозған жүйе толық ауыстырылады

0
345

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың қараша айына дейін аяқталады деп күтілуде. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 12 жылды құрайды.


Еңбекші ауданындағы су құбыры желісі жаңғыртылуда: тозған жүйе толық ауыстырылады

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының 17-ықшамауданында да су құбыры желісін қайта құру бойынша ауқымды жоба іске асырылып жатыр. Бұл жоба 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асуда.

1977 жылы салынған су құбырының 89 пайызы ескіріп, апаттық жағдайлар жиілеп кеткен болатын. Осы себепті, диаметрі 150 мм және 300 мм құбырларды толық ауыстыру қажеттілігі туындады. Бұл желі 964 абонентке қызмет көрсетеді, ал жыл сайынғы су шығыны 136 815 м3-ті құрайды, бұл шығындардың ақшалай сомасы 17,3 миллион теңгеге жетеді.
Инвестициялық бағдарлама аясында осы жобаны іске асыруға 207,3 миллион теңге бөлінген. Жоспар бойынша, жалпы ұзындығы 1860 метр су құбыры жаңартылуы тиіс. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың қараша айына дейін аяқталады деп күтілуде. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 12 жылды құрайды.
Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізіледі.
Атап айтқанда:
• нормативтік шығындар 17,37%-дан 17,12%-ға дейін, яғни 0,25%-ға төмендейді;
• апаттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға азаяды;
• су тасымалдау желілерінің тозу деңгейі 57,65%-дан 56,5%-ға дейін төмендейді;
• сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша тозу деңгейі 75,29%-дан 73,52%-ға дейін төмендейді.
Бұл жоба Еңбекші ауданының тұрғындарына сапалы әрі үздіксіз су жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған және қаланың инфрақұрылымын жақсартуға үлкен үлес қосады.
Бөлісу