«Ер-елінің қорғаны»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
625

Кездесу №49 жалпы орта мектебінде өткізілді.


«Ер-елінің қорғаны»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №49 жалпы орта мектепте «Ер - елінің қорғаны» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - жастарды ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттеріне дәріптеу.
Кездесуге Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері Махамбетов Абдумалик, Дехканбаев Абдусамат және «Жани» қоғамдық қорының директоры Асан Жазира Тілеубергенқызы қатысып, жастарды елін, жерін сүюге, Отанды құрметтеуге шақырды.
Сондай-ақ, «Жани» қоғамдық қорының директоры «Қазіргі бейбіт күннің батыры – ерікті жастар екенін» жеткізіп, жастарды бос уақытын тиімді пайдаланып, ерікті болуға шақырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті. Аталған шараның мақсаты - оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу. Іс-шара барысында сала қызметкерлері жастарға техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шарасының ережелерін түсіндірді. Сайыс түрінде өткен іс-шара 3 кезеңді қамтыды.

Атап айтсақ:

- 100 метр қашықтыққа жүгіру;

- белгіленген уақыт көлемінде автомат құралдарын, шашып жинақтау;

- алғашқы жәрдем көрсету.

Сайыс нәтижесінің қорытындысы бойынша, №49 мектеп бас жүлдеге ие болды. Ал, №29 мектеп жүлделі бірінші орынға, №75 мектеп II орынға жайғасты. №3 мектеп үшінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясының жастары арасында «Dala battle» тақырыбы аясында әскери-патриоттық іс-шарасы өткен болатын.