​ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
92

Сапар барысында Ермек Көшербаев зейнеткерлермен тілдесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.


​ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қаладағы бірқатар әлеуметтік мекеменің қызметімен танысты.

Атап айтқанда, ол 240 орынға есептелген №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралады. Мұнда 18 жастан асқан психоневрологиялық сырқаты бар азаматтарға стационарлық қызмет көрсетіледі. Бүгінде ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге және инженерлік желілерді жаңартуға қажеттілік туындап отыр. Бұл мәселе тиісті мемлекеттік органдар мен сарапшылардың қатысуымен жұмыс тәртібінде қаралады.
Сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына ерекше назар аударылды. Аталған орталық аға буын өкілдері арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда зейнеткерлерге медициналық және психологиялық кеңестер, спорттық және шығармашылық үйірмелер, компьютерлік сауаттылық пен шет тілдерін үйрету сияқты кең ауқымды қызметтер көрсетіледі. Бүгінде орталықтың мүмкіндіктерін 130-ға жуық адам пайдаланып жүр.
Сапар барысында Ермек Көшербаев зейнеткерлермен тілдесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады. Шымкент қаласының тұрғыны Айнагүл Мырзаева орталыққа келгеннен кейінгі өз әсерімен бөлісті.
Бөлісу