Шымкент қаласында «Қасиетті жол» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық кеші өтті.
2018 жылдың 8-ші қарашасында «Қасиетті жол»қорының ұйымдастыруымен, «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Kzhol Shymkent» сал ауруы диагнозы қойылған балаларды оңалту орталығының ашылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған қайырымдылық аукцион кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аукцион басталмас бұрын қор құрылтайшылары кеш қонақтарын Қасиетті жолдың қызыметімен, «Kzhol Shymkent» сал ауруына шалдыққан балалары бар əлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың, балалар үйінің бөбектерін оңалту орталығының 1 жылдық жұмысының нəтижесімен таныстырды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері аталмыш орталықта 600 -ден аса бала кешенді оңалтудан өтті. Олардың 25-сі бүгінгі таңда алғашқы қадамдарын жасады. Қайырымдылық кешіне қатысқан бүлдіршіндер өз жетістіктерімен бөлісіп, қайырымды жандарға деген алғысын арнайы алғыс белгісімен білдірді.
Қайырымдылық кешінің құрметті қонағы Шымкент қаласының əкімі Ғабидулла Абдрахимов болды. Ол өз сөзінде кеш қонақтарына қаланың əлеуметтік-қоғамдық мәселелеріне белсене атсалысу керектігін айтып, белсенді болуға шақырды.
«Шымкент – бұл көркем қала, жан жылуы есіп тұратын нағыз жүректің қаласы, жылылық мекені. Цифрландыру дəуірі есікті қағып тұрса да, қайырымдылық пен əділеттілік заңын ешкім жоққа шығарған жоқ.Сол себепті біз көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беруіміз керек. Оңалтудан өтіп, аяғынан тұрып азамат болған бүлдіршіндеріміз, келешекте өздері де қайырымды жанға айналып туған қаласына, Отанына көмектесетін болады деп үміттенемін», - деп сөзінің түйінін түйген тұста қала әкімі кеш қонақтарына сәттілік тіледі.
Қайырымдылық кеші əрі қарай аукционмен өз жалғасын тапты. ОндаVINO маркілі Александр Винокуровтың велосипеді, Геннадий Головкиннің, Серік Сəпиевтің өз қолтаңбаларымен бокс қолғаптары, Талғат Мұсабаев пен Иманғали Тасмағамбетовтың қолтаңбасы қойылған кітаптар, Суретші Гүлжамал Қалиеваның картиналары, «Астана» теле арнасының «Аналар» деректі фильм жобасының кезекті санына арналған арнайы сертификаты эфирге көрсетілуімен бірге, И.Ильиннің қолтаңбасы бар суреті қойылды.
Кеш соңында Шымкент, Түркістан жəне Жамбылоблысының кəсіпкерлерінің қолдауымен 15,5 млн теңге қаражат жиналды. Бұл қаржы «KzholShymkent» оңалту орталығының төменгі қабатының толық жөндеуден өтуіне жұмсалады. Жөндеу жұмыстары сенсорлық бөлменің, механотерапия бөлмесінің, т.б бөлмелердің іске қосылуына мүмкіндік беріп əрі оңтүстік аймақтағы оңалту шараларының сапасын одан əрі арттырмақ.
Айта кетейік, «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры өзінің алғашқы жұмысын 2011 жылы Қазақстандағы балалардың емделуімен, олардың емделуіне қолжетімділікті арттыру мақсатында бастаған болатын. Əкімшіліктер мен"Samruk-Kazyna Trust" ұлттық әл ауқат қорының қолдауымен Фонд, еліміздегі 9 балалар үйін үздік оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етіп, 2014 жылы көпсалалы, əлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйінің сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерін оңалтудан өткізетін Астана қаласындағы алғашқы орталығын ашты. 2017 жылы сал ауруына шалдыққан балаларды екі орталық: «Kzhol Shymkent»(Шымкент қаласында) жəне «Балапан» ерте араласу орталығы (Астана қаласында) қабылдайтын болып ашылды. Бұл орталықтарда барлығы 3000 мыңнан аса оңалту шаралары өткізілді.
Барлық орталықтарда оңалту кешенді және жеке əдістер арқылы тегін жасалынады. Фонд Қазақстандағы адам капиталының дамуына басымдылық береді: əлемдік деңгейдегі тəжірибе алмасу мен білім арттыру. Бұл Фондтың «Школа менторов» жобасы аясында жүзеге асырылып, Ұлыбритания, Германия, Турция, Россия, БАƏ, Израиль елдерінің мамандарының отандық медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында өткізетін мастер-класстары аясында мүмкін болып отыр.