Ғабидолла Әбдірахымов: Мұндай құрылыс қала тарихында болмаған (видео)

0
2 296

Шымкент қаласында келер жылы 40 миллиард теңгеге көпқабатты үйлер салынады.


Ғабидолла Әбдірахымов: Мұндай құрылыс қала тарихында болмаған (видео)

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында келер жылы 40 миллиардқа тұрғын үй құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жергілікті әкімдікке бұл қомақты қаржының 20 миллиардын "Баспана" компаниясы берсе, қалған 20 миллиардты жергілікті билік қосымша құнды қағаздар шығару арқылы "Бәйтерек" холдингінен алуды көздеп отыр. Бұл жөнінде коммуналдық қызметтің бағасын төмендету мәселесі бойынща қала әкімдігінде өткен жиында шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов хабарлады.

"Қазірдің өзінде "Хайвилл" компаниясы "Шымкент ситиден" 50 гектар жерді сатып алды. Қазір зертеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келер жылы құрылыс жұмыстарын бастайды. Ондағы орталық саябақтың жобасымен де "Хайвилл" айналысып жатыр. "BI" груп 10 гектар жер алды. "Базис-А" компаниясы да қаладан өз кеңсесін ашты. Бұның бәрі баспана сала бастаса, бәскелестік болады. Өз кезегінде пәтердің бағасы да шарықтамайды. Бизнес және эконом, әлеуметтік санаттағы пәтерлер салынатын болады. 40 миллиардты құрылыс үшін орасан көп қаржы. Мұндай құрылыс қала тарихында болмаған", - дейді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.