ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛАМЫЗДЫ ЖАЙЛЫ ӘРІ ЫҢҒАЙЛЫ ЕТУ ТЕК БІРЛЕСКЕН КҮШ-ЖІГЕРІМІЗБЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

0
105

Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр.


ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛАМЫЗДЫ ЖАЙЛЫ ӘРІ ЫҢҒАЙЛЫ ЕТУ ТЕК БІРЛЕСКЕН КҮШ-ЖІГЕРІМІЗБЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Шымкент қаласында жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде.

Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр. Қала тұрғы ретінде сіздер ауладағы тазалыққа мән беріп, балаларды ойын алаңдарының жабдықтарын ұқыпты пайдалануға үйретуге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. Көп жағдайда алаңдардың бүлінуіне тұрғындардың жауапсыздығы мен құралдарды дұрыс пайдаланбауы себеп болып жатады.
Қала әкімі бұл мәселеде тұрғындарға арнап ұсынысын білдірді.
«Баршаңызды аула мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қамқорлық танытуға шақырамын. Егер вандализм әрекетінің куәсі болсаңыз, бейжай қарамай, құқықбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын», - деді Ғабит Сыздықбеков.
Бөлісу