Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен сауда-экономикалық форумда қала әкімі үшінші мегаполистің әлеуетін таныстырды. "Қалада инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған, жалпы ауданы 869 га 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Бұдан басқа, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай химиясын, логистиканы дамыту мақсатында өңдеу өнеркәсібінде 2 098 га аумақта 7 қосымша өндірістік алаң құру бойынша жұмыстар жүргізілуде",- деді ол.
Ғабит Сыздықбеков қала әкімдігі Шымкент қаласында сауда қатынастарын орнату және инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсететінін атап өтті.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында екі елдің кәсіпкерлері өз компанияларын таныстырды. Қытайлық серіктестер азық-түлік өндірісі, логистика, машина жасау, денсаулық сақтау және медицина салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде шымкенттік кәсіпкерлер металлургия, логистика, целлюлоза - қағаз және тамақ өнеркәсібі, машина жасау салаларында іскерлік әріптестікті арттыру мүмкіндіктерін жеткізді.
Форум мен кездесулердің қорытындысы бойынша B2B форматында меморандумдар мен шарттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, "Invest Shymkent" ЖШС мен "China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group" арасында "KazFerroGroup" ЖШС мен "Shanxi Heynan New Metallurgical Equipment Co." ЖШС арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. LTP " -" JT food Expert "ЖШС мен" Xi ' an gang Tong Tian Xia Dian zi Shang Wu You Xian Gong Si "арасында-қоғамдық тамақтану саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы, сондай-ақ" KazBioTech "ЖШС мен" Alashankou city Haoyu Trading Co. Ltd " - өсімдік майын жеткізуге арналған келісімшарт жасалды.