Сайыпқырандар 3 күн бойы дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, теңге ілуден жарысады.
Аламанға додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Манғолия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Иордания, Польша, Сауд Арабия, Түркия мемлекеттерінен 126 спортшы бақ сынасуда. Сайыпқырандар 3 күн бойы дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, теңге ілуден жарысады. Аударыспақ пен командалық көкпардан жарыс жолына шығып, ұлттық ойынның көркін қыздырады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жаңа ипподром пайдалануға берілді. Ипподромның салтанатты ашылуына арналған бағдарламаны еліміздің әр аймағынан келген қонақтар, өңірдің, қаланың дамуына үлес қосқан қадірлі азаматтар, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылығы, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары тамашалады.
Жаңа ипподромда еліміздегі ең үлкен бәйге алаңы бар. Ипподром аумағында 1 500 көрерменге арналған трибуна, ат аренасы бар манеждер, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, 300-ден астам көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғары қабатында ашық терраса бар. Ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынған. Көкпарға, атпен секіруге арналған алаңдар кварцты құмдармен, табиғи тастармен безендірілген. Әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа иипподром мегаполистегі халықаралық спорт және ойын-сауық жарыстары өтетін орындардың біріне айналып отыр.
Қала әкімі М.Әйтенов осынау үлкен кешенді өз қаржысының есебінен салып, Шымкент қаласына тарту еткені үшін BI GROUP компаниясының басшылығына алғысын айтты.