​«ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

0
238


​«ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумы өтті.

Форумның мақсаты – екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және түрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейту. Форум барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.

Самарқан облысының туристік әлеуетін және Жизақ облысында машина жасау саласының дамып келе жатқанын ескере отырып,
Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайту туралы келісімге қол жеткізді.
Аталған келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Самарқанд және Жизақ облыстары тарапынан облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды. Бұл өз кезегінде өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға, инвестиция тартуға және туристер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Бөлісу