​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ БЛОГ-ТУР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ АРНАЛДЫ

0
183


​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ БЛОГ-ТУР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ АРНАЛДЫ

Шымкентте 9–11 мамыр аралығында қаланың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында кезекті халықаралық ақпараттық блог-тур ұйымдастырылды.

Дәстүрге айналған бұл іс-шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Үндістан мемлекеттері мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 30-ға жуық танымал travel -блогер қатысты.

Тур барысында қатысушылар Шымкенттің тарихи-мәдени нысандарын аралады. Шымқаланың қазіргі заманауи келбетімен және бай рухани мұрасымен танысты. Атап айтқанда блогерлер Сайрам тұрғын-алабындағы көне кесенелерді, «Shym-Qala» тарихи-мәдени кешенін, Тәуелсіздік саябағы мен Ордабасы алаңын, Қошқар ата өзенінің жағасын және «Қылует» этнографиялық музейінде болды. Бұған қоса, тур барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайда, Абай саябағында, Бейсбековтер отбасының «Алтын Орда» галереясында және Сейітжан қари Есжанұлы мешітінде болды.
«Бәйдібек би» монументі, дендрологиялық саябақ және Шымкент зообағында да болып, тарихқа, таңғажайып мәдениетке және тамаша табиғи сұлулыққа сүйсінген барлық келушілер ұмытылмас әсер алды.
Үш күнге созылған тур барысында блогерлер Қазығұрт тауының етегіндегі киелі «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» мекенінде болды. Одан әрі «Alma-Tau» демалыс аймағына барып, демалды.
Жалпы, жоғарыда айтылған іс-шаралар Шымкент қаласының халықаралық аренадағы туристік беделін нығайтатын маңызды қадамдарға жатады. Сондықтан блог-тур туризмді дамыту мен мәдени ынтымақтастықты арттыруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға үлкен мүмкіндік болып отыр.
Бөлісу