Қос азаматтығы бар екені анықталған шымкенттік шенеунік қызметінен босатылды

0
2 607

Шенеунік азаматтығынан айырылды.


Қос азаматтығы бар екені анықталған шымкенттік шенеунік қызметінен босатылды

Шымкентте қос азаматтығы анықталған шенеунік жұмыстан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олег Почивалов қызметінен босатылғаны хабарланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық алуға қатысты алаңдаушылық білдірген еді. Мемлекет басшысы мұндай заңбұзушылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік қос азаматтығы бар деп айыпталды. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды.

Бұл уақытта Почивалов жеке жағдайына байланысты ақысыз демалыста болды. Демалыстан шыққаннан кейін Почивалов 2021 жыдың 8 ақпанда Әл-Фараби аудандық сотына Шымкент қаласы полиция департаменті шығарған азаматтығынан айыруға қатысты қорытынды күшін жоюға және Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру туралы хабарламаға қатысты өтініш берді.

Алайда 2021 жылдың 22 ақпанда Әл-Фараби аудандық соты шешімімен Почиваловтың Шымкент қаласы полиция департаментіне жазған өтініші қанағаттандырылмады.