​ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ӘУЕЖАЙДЫҢ ҰШУ-ҚОНУ ЖОЛАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
91

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары екінші ұшу-қону жолағының құрылысы барысына куә болды.


​ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ӘУЕЖАЙДЫҢ ҰШУ-ҚОНУ ЖОЛАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте қала күні қарсаңында қалалық инфрақұрылымды дамытуға, жайлы ортаны қалыптастыруға және тұрғындардың демалыс, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа нысандарды ашу рәсімдері одан әрі жалғасуда.

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қала күні мерекесіне орай жаңа нысандардың құрылысын аралап, әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты.
Алдымен Нұрлыбек Машбекұлы жаңа әуежай терминалына барды. Іс-шарада Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, “Скат” әуекомпаниясының президенті Владимир Денисов әуежайдың мүмкіндіктерімен таныстырып, тыныс-тіршілігін баяндады.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары екінші ұшу-қону жолағының құрылысы барысына куә болды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың айтуынша, құрылыс қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың 20 пайызы орындалған. Жолақтың ұзындығы - 3,9 шақырым, ені - 75 метр. Мұнда кез келген ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік бар.
Бөлісу