Базар маңындағы заңсыз орналасқан дүңгіршектерді сүру туралы шешім 27 шілде күні Әл-Фараби ауданы әкімдігінде қабылданған
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласындағы «Қырғы базарды» тәртіп сақшылары қоршауға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Қырғы базарда» заңсыз орналасқан 35 дүңгіршекті сүру жұмыстары басталды. Іс-шараның атқарылуы үшін Төле би көшесі жабылған.
Базар маңындағы заңсыз орналасқан дүңгіршектерді сүруге жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылған.
Сонымен қатар, бұл шараға кейбір саудагерлер келісім берсе, кейбірі әкімшілік шығарған шешімге қарсылық танытып жатыр. Бұйрықпен келіспеген саудагерлерді тәртіп сақшылары, ал жүйкесіне жүк түскендерді жедел жәрдем қызметі бөлісіп әкетуде.
Айта кетейік, базар маңындағы заңсыз орналасқан дүңгіршектерді сүру туралы шешім 27 шілде күні Әл-Фараби ауданы әкімдігінде қабылданғаны жайында хабарлаған болатынбыз.