​МӘМС аясында жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділік артып келеді

0
55

Бүгінде мұндай қызмет түрлерін ұсынатын 8 медициналық мекеме жұмыс істейді.


​МӘМС аясында жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділік артып келеді

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі жылдан-жылға артып келеді.

Бүгінде мұндай қызмет түрлерін ұсынатын 8 медициналық мекеме жұмыс істейді.

Жылдың алғашқы бес айында қала тұрғындарына 200-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілген. Қаржыландырудың негізгі бөлігі кардиохирургия, нейрохирургия және трансплантология секілді күрделі оталарға бағытталған.
Нәтижесінде ми қан тамырларының ауыр аурулары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің күрделі патологиялары және өзге де ауыр дерттер бойынша заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділік кеңейіп, тұрғындардың сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі артып отыр.

Сондай-ақ, қалада медициналық оңалту қызметіне сұраныс артып келеді.

Шымкент қаласында медициналық оңалту қызметіне сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде бұл бағытта 30-ға жуық медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде. Биылғы жылдың алғашқы бес айында қала тұрғындарына 7 мыңға жуық оңалту қызметі көрсетілген.
Медициналық оңалту – науқастың денсаулығын қалпына келтіріп, күнделікті өмірге бейімделуіне мүмкіндік беретін маңызды емдеу кезеңі. Әсіресе инсульттан кейінгі жағдайларда, ауыр жарақат алған азаматтарға, кардиохирургиялық операциялардан соң және созылмалы аурулары бар пациенттер үшін оның маңызы зор.

Сала мамандары оңалту шараларының сапасын арттыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлуде.

Бөлісу