МӘМС жүйесінде қаржыландырудың ашықтығы мен сапа бақылауы күшейтілуде

0
57

Медициналық қызметтердің сапасын бақылау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде.


МӘМС жүйесінде қаржыландырудың ашықтығы мен сапа бақылауы күшейтілуде

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру және қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жаңа цифрлық шешімдер енгізілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КеАҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дүйсенбаева Сәуле Сансызбайқызы айтты.

Қазіргі таңда қаладағы барлық медициналық ұйымдар Qalqan цифрлық платформасына толық көшірілген. Жаңа жүйе көрсетілген медициналық қызметтердің шынайылығын растауға, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауға және қаржыландыру үдерісінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
МӘМС жүйесі арқылы жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділік те кеңейген. Бүгінде мұндай қызметтерді сегіз медициналық мекеме көрсетеді. Жыл басынан бері 200-ден астам жоғары технологиялық операция мен емдеу қызметі қаржыландырылды. Оның ішінде кардиохирургия, нейрохирургия және трансплантология бағыттары басым.
Медициналық қызметтердің сапасын бақылау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде. Нәтижесінде биылғы бес айда 72 мыңға жуық ақау анықталып, медициналық ұйымдарға 700 миллион теңгеден астам қаржылық санкция қолданылған. Сонымен қатар медициналық қызмет сапасына қатысты түскен арыз-шағымдар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,1 пайызға төмендеген.
Мамандардың пікірінше, бұл көрсеткіштер денсаулық сақтау ұйымдарындағы ішкі бақылау жүйесінің нығайғанын және пациенттердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.
Бөлісу