Мәжілісмен: «Шымкент әуежайының болашағы күмән тудырады»

0
1 041

Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеге сатылатын болған.


Мәжілісмен: «Шымкент әуежайының болашағы күмән тудырады»

ERNUR.KZ. «Әуежайдың болашағы күмән тудырады». Сатылымға қойылған нысанға қатысты шағымданған депутат Аманжан Жамалов бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осылай деді, деп жазды otyrar.kz

Халық қалаулысы Премьер-министр Асқар Маминге Шымкент әуежайын сату бойынша тендерге өтінімдерді қабылдау мерзімін қайта қарауды сұрады. Мәжілісменнің айтуынша, мемлекеттік органдар стратегиялық нысандарды қатысушыларды іріктемей жеке меншікке береді. Айта өтейік, осыған дейін Шымкент әуежайының 5,2 млрд теңгеге сатылатыны хабарлаған болатынбыз.

- Бұл байқауды тез және ың-шыңсыз өткізу бәз-біреулерге тиімді болып отырған сияқты. Мұның өзі таң қалдырады. Байқауға жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Бір жеке тұлға бүкіл әуежайды қалай басқара алады? Бұл қала әуежайының болашағына күмән келтіреді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, нысанның бастапқы бағасы- 5,2 млрд. теңге мұндай нысан үшін төмен, - деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжісілісінің депутаты Аманжан Жамалов.

Мәжіліс депутаты тендерге өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартумен қатар бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Оның пікірінше, сатып алуға өтініш білдірген қатысушыларға біліктілік талаптары қойылу керек. Нысанның құнына тәуелсіз бағалауды жүргізу қажет.