«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70 пайызға жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни 4 жылға жасарды.
Қорытынды партиялық тізім теңдестірілді. Тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген.
Тізімге енгендер қатарында Шымкент қаласынан түскен кандидаттар да бар. Олар:
- Ғани Әбдіғаниұлы ТАШҚАРАЕВ
- Берік Айдарбекұлы БЕКЖАНОВ
- Берік Серікұлы ОСПАНОВ
"Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліске шымкенттік 4 кандидат тіркелген еді.