​МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

0
354

Іс-шараның мақсаты – шиеленістерді реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру


​МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қалалық Достық үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі және қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы "Қоғамдық келісім" мекемесі ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингі басталды.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшын Италиева, кәсіби медиатор, «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ тренері Мұхтар Адаев, психолог-шиленістанушы Резеда Баймухаметова, Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ербол Байқонақов және этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысуда.
Іс-шараның мақсаты – шиеленістерді реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, алдын алу саясатын дамытуға ықпал ететін медиацияны қолданудың әдістері мен тетіктерін үйрету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардар қызметінің жаңа қырларын анықтау, медиация кабинеттері үйлестірушілерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдары мүшелерінің медиация құралдары мен әдістерін өз тәжірибелерінде қолдануы.
Семинар-тренингте этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері, медиациядағы зерттеу кезеңі, тұлға психодиагностикасы, этносаралық қатынастардағы қақтығыстарды реттеу әдістері мен тәсілдері, этносаралық қақтығыстарды талдау тақырыптары жөнінде кеңінен айтылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.
Алдағы уақытта семинар-тренингтер Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында өтетін болады.