Мемлекеттік қызметкер 500 тг сыйақы алып 2722 есе айыппұл төлеген

0
1 734

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде екі мемлекеттік қызметші 500 теңге мөлшерінде сыйақы алғандары анықталып, әрқайсысына 1 361 400 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.


Мемлекеттік қызметкер 500 тг сыйақы алып 2722 есе айыппұл төлеген

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік аумақтық бөлімдері басшыларының қатысуымен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесу барысында сала басшылары жиналысқа қатысушыларға мемлекеттік қызметтің ең басты ұстанымы халыққа қызмет көрсету болып табылатынын ескертті.
Сондай-ақ, әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін тілге тиек етті.

Оған қоса, жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің сыйлық және сыйақы қабылдау мәселесіне ерекше тоқталып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде екі мемлекеттік қызметші 500 теңге мөлшерінде сыйақы алғандары әшкереленіп, әрқайсысына 1 361 400 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынғаны айтылды.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, Департамент facebook жүйесіндегі мекен жайы: facebook.com/depshymkent парақшасына және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болатыны жиналысқа қатысушыларға қатаң ескертілді.