​МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ: ПӘТЕРДІ ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУЫ МІНДЕТТІ

0
257

Жалдау шартына сәйкес пәтерді үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады.


​МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ: ПӘТЕРДІ ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУЫ МІНДЕТТІ

ERNUR.KZ. Шымкентте сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспамен қамтылған жалға алушылармен келісімшартты біржақты бұзу мәселесі қаралып жатыр.

Қалалық тұрғын үй басқармасы мен учаскелік полиция қызметкерлері мониторинг барысында 189 орам №20 үйдің екі пәтері мақсатсыз пайланғанын анықтады.

Жалдау шартына сәйкес пәтерді үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады. Жалға алушылар белгіленген мерзім аяқталғанша мақсатты пайдалануды жүзеге асырмаса, тұрғын үйден шығару жөнінде сот органдарына талап арыз беру жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, бүгінде қалада 50 314 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы 519 арендалық пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы, көпбалалылар, жетім балаларға, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне және 900 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға табысталды.
Айта кетейік, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді жалдау шартының талаптары сақталуы міндетті. Бұл бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешімі негізінде жасалады.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетіні хабарланға еді. Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілетіні де айтылған болатын.

Тұрғынүй басқармасының мәліметінше, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алу құқығынсыз арендалық 1687 пәтер беру жоспарланып, оның ішінде 1407-і пәтер табысталған. Оның ішінде: жұмысшы жастарға жастарға -888 пәтер, жетім балалар – 122, көпбалалы отбасылар – 131, әлеуметтік осал топ – 160, мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер-106 берілген.