Мұрат Әйтенов әуежайдың жаңа терминал құрылыс барысымен танысты

0
623

Қала әкімі нысан құрылысының сапасына назар аударып, терминал құрылысын белгіленген мезгілде аяқтауды тапсырды.


Мұрат Әйтенов әуежайдың жаңа терминал құрылыс барысымен танысты

Шымкентте сағатына 2000 жолаушыны өткізуге қауқарлы халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанның салыну барысын тексерді. Халықаралық маңызы бар нысан құрылысының сапасына назар аударып, терминал құрылысын белгіленген мезгілде аяқтауды тапсырды.

Бүгінде терминал құрылысының 70 пайызы аяқталған. Құрылысқа қажетті құрал-жабдықтар, багажды жүйе, лифт, эскалатор және телескопиялық траптар мен желдету жүйелері толығымен жеткізілген.
Бұдан бөлек, әкім қолданысқа берілген халықаралық әуежай аумағындағы 485 көлікке арналған автотұрақты аралап көрді.
Ескі әуежаймен ара-қашықтығы 250 метрді құрайтын жаңа автотұрақ көлік қозғалысын реттеуге үлкен мүмкіншілік береді. Ендігі жерде, ескі автотұрақ тек қоғамдық көліктерге, тіркелген такси құралдарына және әуежай қызметкерлеріне қызмет ететін болады.
Жаңа автотұраққа қозғалыс, Бақбаев көшесінен жаңа автомобиль жолына түсу арқылы жүзеге асырылатын болады.