Бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы.
Шымкентте сағатына 2000 жолаушыны өткізе алатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанның салыну барысын тексерді. Халықаралық маңызы бар нысан құрылысының сапасына баса назар аударды.
Бүгінгі таңда жер жұмыстары, свай және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталып, терминалдың қасбеттік жүйелерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның жалпы аумағы 2,8 гектар болса, ғимараттың жалпы алаңы 35 мың шаршы метрді құрайды. Бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы.
Өткен жылы әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстары мен жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар аяқталған болатын.