Мұрат Әйтенов бірқатар құрылыс нысандарының жұмысымен танысты

0
383

Қазіргі кезде қалада «А-2» автомобиль жолын қайта құру жұмыстарының ІІ кезеңінің құрылысы жүргізілуде.


Мұрат Әйтенов  бірқатар құрылыс нысандарының жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі кезде қалада «А-2» автомобиль жолын қайта құру жұмыстарының ІІ кезеңінің құрылысы жүргізілуде.
Нысанның жалпы ұзындығы - 2,45 шақырым. Қазіргі уақытта жолдың 900 метрден астам бөлігінің асфальт төсемі төселген және аяқжол орнату жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа қатысты жұмыстардың 30 %-ы аяқталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер – «Отау-Строй» ЖШС-і.
Бүгінде құрылыс жұмыстарына 28 жер телімін қайтаруға қажеттілік туындауда. Жер телімдерін қайтару мәселесі оңтайлы шешілген жағдайда нысанды биыл аяқтау жоспарда.