Мұрат Әйтенов Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады

0
778

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Мұрат Әйтенов Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Құрметті шымкенттіктер!

Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің шуақты күнінде келіп жеткен осы мереке – мемлекетіміздің тұтастығы мен халқымыздың ынтымақ-бірлігінің нышаны.
Халқымыз қашан да ел бірлігін, достық пен өзара түсіністікті ерекше бағалаған. Осынау құндылықтар берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің негізін қалады.
Саналуан тарихи оқиғалар арқылы қазақ жерінде бас қосқан түрлі мәдениеттертердің өкілдері өзара тұтаса келіп, ұлттық бірегейлігіміздің құрамдас бөлігіне айналған.
Қазақстан халқының мақсаты да, құндылықтары бір. Ол — Тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қорғау және халқының әл-ауқаты жоғары, құқықтық мәдениеті қалыптасқан, рухани тұрғыда кемелденген өркениетті қоғамға айналу. Мызғымас бірліктің арқасында осынау асқақ мақсатқа қол жеткізеріміз анық.
Бүгінде бүкіл қоғам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған әділетті Қазақстанды құру бастамасының маңына топтасып отыр. Шырайлы Шымкенттің ынтымағы жарасқан халқы өз қаламызды жылдан жылға көркейту және дамыту арқылы жаңа Қазақстанды қалыптастыруға өз үлесін қосып, жасампаздықпен еңбек етіп келеді.
Алдағы уақытта да мемлекетімізді дамыту мен қоғамды жаңғыртуға әр азамат өз үлесін қоса беруі тиіс.
Қымбатты жерлестер!
Бірлік пен татулық мерекесі әрбір шаңыраққа қуаныш пен бақ-береке алып келсін!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын.