Қала әкімі жай серіктестік пен үй бірлестіктерін құрудың маңыздылығын түсіндіріп, жөндеу жұмыстары, ауладағы және үйдің кіреберіс тазалығын өз жауапкершіліктеріне алу керектігін жеткізді.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Отырар және «Айқап Түркістан» шағын аудандарындағы атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі жай серіктестік пен үй бірлестіктерін құрудың маңыздылығын түсіндіріп, жөндеу жұмыстары, ауладағы және үйдің кіреберіс тазалығын өз жауапкершіліктеріне алу керектігін жеткізді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Жәнібеков көшесіне қоғамдық көлік қатынауын және аяқжол салу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізуді тапсырды. Өзге де мәселелерді талқылап, қажетті шаралар жасалатынын жеткізді.