Мұрат Әйтенов жөндеуден өткен жолдардың сапасын тексерді

0
566

"Берілген ескертулерді дер кезінде жойып, қателікке қайта жол бермеу керек», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.


Мұрат Әйтенов жөндеуден өткен жолдардың сапасын тексерді

Шымкент қаласының әкімі шаһарға қарасты Өтеміс және Базарқақпа елдімекендеріне барып, жөндеуден өтіп жатқан жолдардың құрылыс сапасын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданы аумағында орналасқан Өтеміс тұрғын алабында ағымдағы жылы ұзындығы 5,1 шақырымды қамтитын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.
Бүгінде Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелерінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Ал ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метрді құрайтын КХ-42 көшесінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Орташа жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
«Сапаға жұмыс істеуіміз керек. Берілген ескертулерді дер кезінде жойып, қателікке қайта жол бермеу керек», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.