Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

0
403

Жиында «Zoom» жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды.


Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер, аудандарда 2021 жылдарға бекітілген инвестициялардың, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Жиында «Zoom» жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды. Құрылыс, сауда, көпқабатты тұрғын үй бағытында, жалпы 8 жоба таныстырылды.
Атап айтқанда, «Асабаев Д.Е» ЖК металл конструкциялар дайындау өндірісі, лак-бояулары, респираторлар кәсіпорны, «Orient Ceramic» компаниясының керамикалық плиталар өндірісі жобасы таныстырылды.
Сондай-ақ, «BAZIS Shymkent» ЖШС, «Ұлы-Орда» ЖШС, «Prestige House» ЖШС көпқабатты тұрғын үй, «Абдиева А» ЖК бизнес орталығын салуға ниетті екенін жеткізді.
Ұсынылған жобалардың ішінде 4 жоба құрылыс индустриясына қызмет ететін кәсіпорындар. Олар қарқын алған құрылыс саласын отандық өнімдермен толықтырып, Шымкент қаласын құрылыс индустриясы дамыған орталыққа айналуына ықпал етеді.
Қала әкімі барлық жобаларға қолайлы жағдай жасалатынын, жер телімі және инфрақұрылым мәселелері дер кезінде шешілетінін айтып, кәсіпкерлерді инвестиция салуға шақырды.