Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл бастаманың басты мақсаты – әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру екенін ерекше атап өтті. Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар арнайы топпен мұқият сараланып, ең өзекті әрі қала үшін тиімді бастамалар бойынша нақты шешімдер қабылданады және олардың орындалуына бақылау орнатылады.
Шымкент қаласында тұрғындардың пікірін тікелей ескеруге бағытталған жаңа жоба іске қосылды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қала тұрғындарының пікірі мен ұсыныстарын тікелей қабылдауға бағытталған «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» атты жаңа цифрлық жоба іске қосылды. Бұл бастама шаһар тұрғындарына қаланың өркендеуіне қатысты өз ойларын еркін, оңай және ең бастысы, жедел жеткізуге мүмкіндік береді.
Қала әкімдігі бұл жобаны іске қосу арқылы тұрғындардан келіп түсетін ұсыныстар ағынын бір жүйеге келтіруді көздеп отыр. Бұған дейін әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен шаһарды аралауы барысында азаматтардан қала инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар) жақсартуға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар ауызша түрде келіп түскен болатын. Енді бұл құнды пікірлер арнайы цифрлық жүйе арқылы тіркеліп, жедел түрде қабылданатын болады.
Жоба аясында алдағы уақытта қаланың барлық қоғамдық орындарында (саябақтар, алаңдар), мекемелерде (ХҚКО, ауруханалар), аялдамалар мен қоғамдық автобустарда арнайы QR-кодтар орнатылады. Бұл QR-кодты сканерлеген кез келген тұрғын өзінің ұсынысын онлайн түрде жолдау мүмкіндігіне ие болады. Бұл — тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді кері байланыс форматын ұсыну арқылы уақытты үнемдейді.
Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл бастаманың басты мақсаты – әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру екенін ерекше атап өтті. Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар арнайы топпен мұқият сараланып, ең өзекті әрі қала үшін тиімді бастамалар бойынша нақты шешімдер қабылданады және олардың орындалуына бақылау орнатылады.
Бұл жаңа жүйе – әкімдік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты күшейтетін және қала басқару ісіне қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз ететін маңызды және прогрессивті қадам болып саналады. Жоба арқылы тұрғындардың қала өміріне белсене араласуына жол ашылып, Шымкенттің дамуына қатысты ортақ жауапкершілік нығая түседі. Цифрлық кері байланыс арқылы қала билігі мәселелерді дереу анықтап, оларды уақытында шешуге мүмкіндік алады.


