Аталған кездесудің мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру.
Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рамазан - рухани тәрбие айы» тақырыбында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Орталық Азия Инновациялық университетінің жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шара барысында қасиетті ай туралы түрлі ақпараттар айтылды. Қатысушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен кері байланыс жасады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөнінідегі басқарма басшысының орынбасары Әбілхаиров Серғазы Кәрімұлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде Серғазы Кәрімұлы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуында жеткізген нәтижелер мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстың жоспарларын талқылады. Сондай-ақ қаламыздағы шалғай орналасқан елді мекен жұмыстарын жандыру қажеттігін жеткізіп, жастарға жеңілдетілген 2,5% несие бойынша да сөз қозғады. Одан бөлек, алдағы уақытта іске-асырылатын жобалар туралы да сөз болды.
Айта кетейік, жастардың қатысуымен өткізілетін мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.