​Сенат Төрағасының орынбасары: «Біздің міндетіміз – түйіні шешілмей жатқан жұмыстарды үйлестіруге көмектесу»

0
1 061

Сондай-ақ, Сенат Төрағасы мен өңірден сайланған сенаторлар Шымкенттің инфрақұрылымында әлі де шикілік кездесетін тұрғын алабының да жағдайымен танысты.


​Сенат Төрағасының орынбасары: «Біздің міндетіміз – түйіні шешілмей жатқан жұмыстарды үйлестіруге көмектесу»

Жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келген ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен мегаполистен сайланған сенаторлар Нұрлан Бекназаров жәнеАйгүл Қапбарова қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мегаполис әкімі өнеркәсіп пен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар жайы мен мегаполисті дамыту жөніндегі жоспарлармен бөлісті.

«Мемлекет басшысының Шымкент қаласын дамыту бойынша берген тапсырмасының негізінде қаланың үш жылдық даму жоспары бекітілді. Біздің жұмысымыздың негізгі бағыты — Түркістан облысынан қосылған 41 елдімекеннің инфрақұрылымын дамыту. Мәселен, биылғы бюджеттің 70 пайызы дәл осы 41 елдімекеннің аталмыш проблемаларына бағытталады», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, Сенат Төрағасы мен өңірден сайланған сенаторлар Шымкенттің инфрақұрылымында әлі де шикілік кездесетін тұрғын алабының да жағдайымен танысты. Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» елді мекенінде табиғи газ, сапалы электр қуаты және ауыз сумен қамту, жол мәселелері шешілмеген. Аталған олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттік бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Жыл соңына бұл проблемалар толығымен шешіледі деп жоспарлануда.

«Біздің міндетіміз – түйіні шешілмей жатқан жұмыстарды үйлестіруге көмектесу. Әрбір министрге немесе Үкімет басшысына депутаттық сауал қойып, мәселелерді жеткізіп отыру. Егер проблема созылып, өңірдің дамуы тежеліп жатса, соған жауапты министрлерді Парламентке шақырып, солардың түсінігін тыңдап, мәселенің шешу жолын қабылдау. Бұл жұмыстардың барлығы тек халық үшін», — деп пікір білдірді «Бадам» тұрғын үй алабының аралап көрген Бектас Бекназаров.

Айта кетейік, осы жылдың 5 қаңтарынан бастап Бектас Әбдіханұлы Парламентпен қабылданған заңдарды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесіп жүрген болатын. Сонымен қатар, Шымкент қаласында ұстаздар қауымымен кездесіп, «Педагог мәртебесі» туралы Заңды түсіндірген еді.