Шетелде ем алған: шымкенттік дәрігерлер жағдайы ауырлаған науқасқа күрделі ота жасады

0
118


Шетелде ем алған: шымкенттік дәрігерлер жағдайы ауырлаған науқасқа күрделі ота жасады

Шет елдерде ота жасатып, ем қабылдаған 33 жастағы науқасқа Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана дәрігерлері күрделі операция жасады.

Білікті мамандар науқастың іш қуысындағы үлкен ісікті лимфа тамырларын зақымдамай, хирургиялық жолмен алып тастады.

Науқас 2024 жылы Ташкент қаласында операция жасатып, Үндістанда консервативті ем алған. Шет елде медициналық көмек алғанымен, науқастың денсаулығы жақсармай, керісінше, ауырлай түскен.
33 жастағы азаматты толық тексеруден өткізген Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана дәрігерлері іш қуысындағы кеңістікте (забрюшинное пространство) өскен үлкен ісікті анықтаған. Содан кейін аурухананың хирургия бөліміне отаға жатқызылды. Алдын ала дайындықтан соң науқасқа аса ауқымды ота жасалды. Ісікпен бірге лимфа тамырлары тазаланды (ЛД3).
Отадан соң науқастың жағдайы бір қалыпты, жуырда үйіне шығару жоспарлануда.
Бөлісу