Мұнда көрермендерге Шымкент қуыршақ театрының әртістері өнер көрсетті.
«Шымқала кештері» — қала тұрғындарын мәдениет пен өнер арқылы жақындастыратын, ұлттық ән өнерін ұлықтайтын, көңілге қуаныш сыйлайтын рухани алаңға айналды.
Шымкенттің шырайлы кештерінде әсем әнге сусындап, өнердің жылуын сезінгісі келетіндердің қатары уақыт өткен сайын артып келеді.
Концерттік бағдарлама Абай саябағында көпшілік назарына ұсынылды. Мұнда көрермендерге Шымкент қуыршақ театрының әртістері өнер көрсетті.
Театрландырылған әдеби-көркем қойылым іспетті болған концерттік бағдарлама жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Төңіректегі көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары әуелеген әсем әуенді ести сала саябаққа ағылып жиналды.
Көңіл көкжиегін әсерлі концертпен кеңейткен көпшілік үшін ертең де Шымкентте концерттік бағдарламалар жалғасады.
Бүгінгі концерттер А. Асқаров атындағы Дендросаябақта Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өнерпаздарының қатысуымен өтеді. Ал Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртістері Тәуелсіздік саябағында, ал Шымкент циркінің өнерпаздары Орталық саябақта өнер көрсетеді.


