​«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» көрермен көңілінен шығуда

0
97

Кеш барысында саябақтарға жиналған көрермендер әсерлі әндер мен әсем әуендерді тыңдап, театрландырылған қойылымдарды тамашалады.


​«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» көрермен көңілінен шығуда

13-14 маусым күндері Шымкент қаласындағы Шымсити, Абай, Жеңіс, Тәуелсіздік және Орталық саябақтарда, сондай-ақ, А.Асқаров атындағы Дендросаябақта дәстүрлі «Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы өтті.

Мәдени іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары шаһардағы үздік өнер ұжымдарының шығармашылығын тамашалады. «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары, Қуыршақ театры мен Жастар театры, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Әзіл-сықақ және сатира театры, «Шымкент циркінің» ұжымдары көрермендерге өз өнерлерін паш етті.
Айта кетейік, жаз мезгілінде тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан «Шымқала кештері» жобасы биыл үшінші жыл қатарынан өтуде. Жобаның басты мақсаты – тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру, жергілікті өнер ұжымдарының шығармашылығын насихаттау және мәдениет пен өнерді көпшілікке кеңінен дәріптеу.
Кеш барысында саябақтарға жиналған көрермендер әсерлі әндер мен әсем әуендерді тыңдап, театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Осылайша, мәдени жоба көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерсүйер қауымның басын қосады.
Дәстүрлі «Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы алдағы күндері де жалғасын тауып, шымкенттіктер мен қала қонақтарын жаңа мәдени кештермен қуантпақ.
Бөлісу