Ісшара Қазақстан және ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды гала концертке ұласады!
"ШЫМКЕНТ - ТМД елдерінің мәдени астанасы" іс-шарасының ресми ашылу салтанаты 20 наурызда болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауқымды ісшара үшінші мегаполистегі "Қажымұқан" орталық стадионында, сағат 18:00-де басталады!
Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен "Мәдени астана" мәртебесі жиынына ТМД елдерінен сыйлы қонақтар келіп қатысады.
Іс-шара Қазақстан және ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды гала концертке ұласады.