Шаһар басшысы қаланың солтүстік бөлігін электр энергиясымен қамтамассыз ету үшін «Бозарық» станциясы салынып жатқанын айтты.
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов "Оңтүстік" телеарнасында өткен "Әкім сағаты" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде соңғы 3 жылдан бері электр энергиясының жетіспеушілігі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы салынып жатыр" - деді әкім.
220 кВ қосалқы станциясының және әуе желісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме "Аврора Констракшен" ЖШС жүргізуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 9,7 млрд. теңге қаржы бөлінген екен. Бүгінгі таңда нысан құрылысы 90% аяқталған. Станция жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, "Ақжар" және "1-М-1" қосалқы станциялары салынуда. Әрқайсысының қуаты 110 кВ. Құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Осы қосалқы стацияларды іске қосу арқылы 10 елдімекеннің мәселесі шешіледі.