​ШЫМКЕНТ: 159 отбасы өзге өңірлерге қоныс аударды

0
176


​ШЫМКЕНТ: 159 отбасы өзге өңірлерге қоныс аударды

Елімізде еңбек ұтқырлығы мен ішкі мобильділікті ынталандыру мақсатында Шымкент қаласының солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару ұйымдастырылып келеді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және өңірлер арасындағы теңдікті арттыру болып табылады.

Шымкент қаласында 2024 жылдың 19 желтоқсанына дейін 159 отбасы (592 адам) қоныс аударды. Қоныс аударғандардың арасында ең көп адам Павлодар облысына көшті: 49 отбасы, 184 адам. Ал Солтүстік Қазақстан облысына 77 отбасы, 289 адам қоныс аударған. Қостанай облысына 15 отбасы, 65 адам, Қарағанды облысына 3 отбасы, 10 адам, Абай облысына 3 отбасы, 7 адам, Шығыс Қазақстан облысына 10 отбасы, 33 адам, Ұлытау облысына 2 отбасы, 4 адам көшті.
Сонымен қатар, «FSM Social» мобильдік қосымшасы арқылы 313 қандастың тізімдері түскен. Оның ішінде нақты 139 адамға түрлі қызметтер көрсетілген.
Бұл шаралар ішкі көші-қонды реттеу мен жұмыс күшін елдің түрлі өңірлерінде теңдестіру жолында маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта бұл бағдарлама бойынша қоныс аударушылар саны одан әрі артуы ықтимал, бұл өз кезегінде Қазақстанның еңбек нарығын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бөлісу