Апаттан құтқарылған азамат жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Семей қаласында жер үйде жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде төбе жабындары опырылып түскен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Төтенше оқиға туралы хабарлама қалалық 112 пультіне кеше келіп түсті. Шақырту орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының мамандары дереу жетті.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің төбесі опырылған кезде астында қысылып қалған ер адамды аман-есен алып шықты.
Апаттан құтқарылған азамат жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиғаға құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себеп болуы мүмкін.


