​ШЫМКЕНТ: №2 Қалалық емхана сенімгерлік басқарудан қайтарылды

0
531


​ШЫМКЕНТ: №2 Қалалық емхана сенімгерлік басқарудан қайтарылды

2021 жылы «№2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны МКК «AUHAL» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға 15 жыл мерзімге берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес серіктестік нысанға 500 млн. теңге инвестициялауға міндеттеме алған. Қаражат ғимаратты қайта жабдықтауға, халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталуы керек болатын.


Қала әкімінің тапсырмасы бойынша талаптардың орындалуына бақылау жүргізу мақсатында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Тексеру барысында нысанды басқаруда айтарлықтай бұзушылықтар анықталды.

Сенімгер басқарушыға анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хат жолданды. Алайда, ұйым тарапынан орын алған кемшіліктерді жою шаралары қабылданған жоқ. Қала әкімдігі шартты сот тәртібімен бұзу туралы талапқа бастамашы болды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл талапты қанағаттандырды. Жуырда аудиторлық тексеру жүргізу, сондай-ақ халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында медициналық техниканы жаңарту жоспарлануда.