Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Нұржан Қаракөзев брифинг барысында мәлімдеді.
Шымкент қаласында 2023 жылдың 5 мамырында жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Нұржан Қаракөзев брифинг барысында мәлімдеді.
"Орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі біздің атқаратын іс әрекетімізді толыққанды пысықтау мақсатында, қала әкімінің өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзілді. Бекітілген жоспар бойынша, оқу-жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдары, қала аумағында орналасқан су қоймаларға жауапты мекемелер тартылатын болады", - деді спикер.
Оқу-жаттығу кезінде әр мекеменің атқаратын қызметі және міндеті егжей-тегжейлі пысықталып, орын алған жер сілкінісі кезінде ұйымдасқан жүйелі жұмыс көрсету міндеттеледі.
Айта кетейік, Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың жекелеген аумақтық бірліктерінде тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізілуде.