ШЫМКЕНТ: 60-қа жуық мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты

0
554

Пробация қызметінің есебінде тұрған – 13 азамат жұмысқа орналасты.


ШЫМКЕНТ: 60-қа жуық мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты

Шымкентте мүгедектігі бар және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға жұмыс орындарына квота белгілеу тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нәтижесінде 50 ұйымға 227 жұмыс орны бекітіліп, 25 мекемеге 54 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.

Аталмыш шаралардың басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, және пробация қызметі есебіндегі азаматтардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.

Қала әкімінің тапсырмасымен 2022 жылы – ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 19 мекемеге 53 жұмыс орны бекітілген. Ал пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар бойынша 20 мекемеге 56 жұмыс орны бекітілген. Бүгінгі таңда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған – 2 азамат, пробация қызметінің есебінде тұрған – 13 азамат жұмысқа орналасты.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы мен «Ten qogam» әлеуметтік қолдау мекемесі бірлесіп тұрақты түрде мүгедектігі бар азаматтар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп отырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасын іске асыру арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың қорытындысымен қаламызда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 448,5 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Тұрғындардың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттырудың бірден бір жолы ол «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасының іске асырылуы және жаңадан құрылған жұмыс орындарына азаматтардың жұмысқа жолдануы. Бұл бағыт бойынша 2022 жылы 57,2 мың азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыруды жоспарланған болатын. Оның ішінде 33500 адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы бойынша, 23,7 мың адам қалада іске асырылып отырған ұлттық жобалар және жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары.