3 қабатты нысанның құрылыс жұмыстары 86 пайызға орындалған.
Шымкенттегі Тұран ауданына қарасты Қазығұрт ықшам ауданындағы № 66 жалпы білім беретін мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
3 қабатты нысанның құрылыс жұмыстары 86 пайызға орындалған. Бұған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков білім ошағын аралау барысында көз жеткізді.
Аталған білім ұясының жай-күйімен танысқан қала әкімі тиісті басқарма басшыларына мердігерлердің жауапкершілігін арттыра отырып, ең алдымен, сапаға көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.
Айтып өтейік, мектептің құрылыс жұмыстары желтоқсан айының ортасына қарай толық аяқталып, пайдалануға беріледі.