ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 40-қа жуық көше жарықтандырылды

0
374

Жыл соңына дейін тағы 9 көше жарықтандырылады.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 40-қа жуық көше жарықтандырылды

Шымкент қаласы Абай ауданында 38 көше жарықтандырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Абай ауданында 1034 шақырымды құрайтын 1025 көше бар. Оның ішінде 28-і магистралды болса, 997 ішкі орамдық көше.
Аудан әкімі Б.Парманов 9 айлық есебінде аудан аумағындағы жолдардың қазіргі жағдайы мен жарықтандырылуы жөнінде баяндады.
Бүгінде ауданда 651 көше асфальт жол, 352-сі тас жол және 13 шақырымды 22 көше топырақ жолды құрайды.Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 352 көшеге асфальт төсеу жұмысы көзделген.
Ауданда 2021 жылға дейін көшелердің 7 пайызы ғана жарықтандырылған болатын. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 38 көшеге жарықшам орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 9 көше жарықтандырылады. Нәтижесінде жыл соңында аудандағы көшелердің жарықтандырылуы 11,5 пайызға өседі, - деді аудан әкімі.
2022-2023 жылдары 45 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылады. Халық тығыз орналасқан 200 көшеге көше шамын орнату үшін энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұсыныс берілді.