ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 40-қа жуық көшеге жарықшам орнатылды

0
586

Жыл соңына дейін 9 көше жарықтандырылады.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 40-қа жуық көшеге жарықшам орнатылды

Шымкент қаласы Абай ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 38 көшеге жарықшам орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл соңына дейін 9 көше жарықтандырылады.

Абай ауданы әкімінің аппаратына биыл 9 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан 352 арыз келіп түскен.
Оның ішінде:
- коммуналдық мәселе бойынша - 120 өтініш;
- әлеуметтік мәселе – 76;
- тұрғын үй мәселесі – 4;
- жер мәселесі – 6;
- жол мәселесі – 34;
- құрылыс мәселесі – 36;
- басқа да мәселе – 76.
Келіп түскен барлық өтініштер мерзімінде орындалды.
Сонымен қатар, аудан әкімі мен орынбасарлары 44 жеке қабылдау өткізді. Оның 14-і қанағаттандырылды. Ал 30-на салалық басқармалардың құзырындағы мәселелерге қатысты заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 71 пайызды құрап отыр.
Айта кетейік, Түркістан облысынан 2014 жылы Абай ауданы аумағына қосылған 10 елді мекеннің (халық саны - 33 254) инфрақұрылымдық мәселесін шешуде тиісті жұмыстар атқарылуда.